Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте қаржы басқармасының бұрынғы басшысы сотталды

Опубликовано:

Кенжебек Жанбосынов
Кенжебек Жанбосынов. Фото: gov.kz

Шымкентте қаржы басқармасының бұрынғы басшысына қатысты сот өз мәресіне жетті. Оған өз лауазымдық құзіретін асыра пайдаланды деген айып тағылған болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қаратау аудандық сотының үкіміне сілтеме жасап.

Экс-шенеунік Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігінде (лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану) көзделген қылмысты жасады деген айыппен сот алдына келді. Іс материалдарынан "Шымкент" ӘКК Директорлар кеңесінің құрамына кірген қаржы басқармасының басшысы 2019 жылы жиналыста дауыс беру кезінде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған жаңа биік үйлердегі пәтерлерді сатуды жақтағаны белгілі болған.

Бұл ретте құрылыс құны 4,8 млрд теңгеден астам соманы құраған, ал тұрғын үй 3,7 млрд теңгеге сатылған. Нәтижесінде тергеу бағалауы бойынша шенеуніктің іс-әрекетімен мемлекетке 1,1 млрд теңгеден астам сомаға залал келген.

Кенжебек Жанбосынов өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол Шымкент қаласының әкімі мен ӘКК басшылығының тікелей бұйрығымен жұмыс істегенін айтты.

Сондай-ақ ол мемлекет зардап шекпегенін, өйткені тұрғын үй мемлекеттік бағдарлама бойынша жас мамандар мен халықтың басқа да санаттарына бөлінгенін хабарлады.

Алайда сот оны кінәлі деп тапты. Кенжебек Жанбосынов үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ол енді ешқашан мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969029-symkentte-qarzy-basqarmasynyn-buryngy-bassysy-sottaldy/

pixel