Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда зейнеткерлерді алдап келген алаяқтар қолға түсті

Опубликовано:

Зейнеткер
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарағандыда тек зейнеткерлерді алдаумен айналысқан алаяқтар тобы қолға түсті. Олар зейнет жасындағы кез келген адамға туыстарының қиын жағдайға түскенін хабарлап, меселені шешуге деп берген қаражаттарын қолды қылып отырған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Алаяқтардың құрығына жыл басынан бері 14 қария ілінген. Олар зейнеткерлерден бас-аяғы 7 миллион теңгеге жуық қаражат алған.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, жақында ғана полицияға Ресейдегі жиеніне қажет болған қаражатты жөнелттім деген зейнеткер арызданған. Жаназасына жиған 300 мың теңгесін берген соң ғана секем алып, есін жиған қария алданғанын түсініпті.

Қылмысты ашуға құрылған арнайы топ алаяқтарды Теміртау қаласынан ұстады. 39 бен 44 жастағы екі күдіктінің пәтерінен қомақты қаражат, түрлі айғақтар мен құлып бұзуға арналған құрылғылары тәркіленген.

"Алданған тұрғындардан ақшаны алып кетуге келген адамның пәтерде қалдырған саусақ іздері алынды. Сол арқылы осы қылмыстық топтың ізіне түсу мүмкін болды. Қазіргі заманда мұндайға ешкім сенбейді дегенімізбен, алданатын адамдардың дені зейнеткерлер. Олар егде адамдардың сеніміне кірудің қыр-сырын меңгеріп алған", - дейді Қарағанды қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Мерей Сәдібеков.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969077-qaragandyda-zeinetkerlerdi-aldap-kelgen-alayaqtar-qolga-tusti/

pixel