Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда мектеп ауласында бұзақылық жасаған күдікті ұсталды (видео)

Опубликовано:

Көше
Видеодан кадр: Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі

9 мамыр күні Көкшетаудағы дарынды балаларға арналған білім беру мекемелерінің бірінің басшысы полицияға бұзақылық туралы хабарлаған. Күдікті ұсталып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел басқару орталығы күдіктінің белгілері мен қозғалыс бағытын патрульді полиция батальоны экипажына жіберген.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары 9 мамыр күні сағат таңғы 07:40 шамасында белгісіз біреу мектептің алдыңғы есігі қалқасының шынысын сындырып алғанын анықтады. Күдіктіні білім беру мекемесінің күзетшісі таныды.

Күдікті осыған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 29 жастағы Көкшетау тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Айта кетейік, 9 мамыр күні Оралда ішімдікке сылқия тойған азаамт полиция пунктін кірпішпен ұрған еді. Нәтижесінде ол 10 тәулікке қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969141-koksetauda-mektep-aulasynda-buzaqylyq-zasagan-kudikti-ustaldy-video/

pixel