Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда баспана сатып алушылардың саны сәуір айында күрт азайған

Жарияланған күні:

пәтер кілті
Көрнекі фото: pexels.com

Биылғы жылдың наурыз айында үй бағасы көтерілгеніне қарамастан Қазақстанда баспананы сатып алу-сату мәмілелер санының артқаны белгілі болды. Ал сәуір айында бұл көрсеткіш күрт төмендеген. Еліміздің қай өңірінде пәтер алу көрсеткіші азайды? Бұл сұраққа NUR.KZ тілшілері жауап іздеп көрді.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына өзгерістер енгізілді

2022 жылдың наурыз айында еліміздің баспана саласында едәуір өзгерістер болды. Сарапшылардың болжамына қарамастан, Қазақстанда пәтер бағасы күрт қымбаттап кетті. Десе де аталған жағдайға қарамастан, ел тұрғындарының баспананы жаппай сатып алу белсенділігі төмендемеді.

Нәтижесінде ел бойынша көктемнің алғашқы айында сатып алу-сату мәмілелерінің саны күрт өскен.

Алайда сәуір айында аталған көрсеткіш біршама төмендеген. Оған дәлел Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметтер. Онда Қазақстанда сәуір айында үй бағасы қымбаттағанымен, оны сатып алу көрсеткіштері едәуір азайғандығы айтылған.

Жауапты ведомство сәуірде ел бойынша 52 520 пәтерді сатып алу-сату мәмілелері жасалғанын жариялады. Бұл өткен аймен салыстырғанда 22,5%-ға төмен көрсеткіш. Наурыз айында қазақстандықтар жалпы саны 67 801-ді құрайтын пәтерді сатып алу-сату келісімшартына отырған.

Сонымен бірге сәуір айындағы баспананы сатып алу көрсеткіші 2021 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 12%-ға төмен екендігі белгілі болды.

Баспана сатып алу көрсеткіші ең төмен өңірлер

Пәтерді сатып алу белсенділігі Қазақстанның барлық өңірлерінде төмендеді. Бір ай ішінде баспананы сатып алу бойынша Маңғыстау (33%) және Ақтөбе (32,8%) облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (31,8%) қаласында белсенділік байқалған.

Инфографика
Инфографика: Ұлттық статистика бюросы

Пәтер сатып алудың жылдық көрсеткіші жөнінен де Маңғыстау облысы көш бастап тұрғаны анықталды. Мұнда былтырғы жылмен салыстырғанда тұрғындардың баспана сатып алу көлемі бірден 48,9%-ға төмендеген. Десе де жылжымайтын мүлікті сату көрсеткіші тұрғысынан Солтүстік Қазақстан облысында 958 мәміле, сондай-ақ Қызылорда облысында 990 мәміле жасалғаны белгілі болды.

Ел астанасында сатып алу-сату мәмілелері санының күрт төмендеген. Соған қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласы сатып алынған пәтер саны бойынша көш бастап тұр. Мұнда сәуір айында 5 900 мәміле жасалған.

Сонымен қатар пәтер сатып алу жағынан Қарағанды облысы үздіктер қатарында тұрғаны анықталды. Аймақта өткен айда - 8 898 мәміле жасалған.

Үздік үштік қатарына Алматы қаласы еніпті. Оңтүстік астанада сәуір айында 6 583 мәміле жасалған.

Жалпы ел бойынша баспана бағасының қымбаттауы пәтер сатып алу белсенділігінің төмендеуіне әсер етпегенін байқауға болады. Бұған бірыңғай жинақтаушы зейнатақы қорынан көптеген қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын шешіп алу факторы әсер етуі мүмкін. Естеріңізде болса, сәуір айынан бастап қордан артылған ақшаны алу шегі жоғарылаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969186-qazaqstanda-baspana-satyp-alusylardyn-sany-sauir-aiynda-kurt-azaigan/