Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйіңде дуа бар": Түркістан облысында тұрғын тапа-тал түсте оңбай алданып қалған

Опубликовано:

Күдіктілер
Ұсталған күдікті әйелдер. Фото: polisia.kz

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында тұрғынның алтыны мен ақшасын көз алдында алдап алып кеткен екі әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Порталдың мәліметінше, Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне 12 мамыр күні күндізгі уақытта жергілікті тұрғын шағымданған.

Ол шағымында үйіне ұлты басқа екі әйелдің келгенін, олар "үйіңде дуа бар, соны тазалап береміз" деген желеумен алдап-арбап алтын алқасын, саусағындағы алтын сақинасы мен 100 мың теңгеден астам ақшасын алып кеткенін айтқан.

Олар кеткен бойда есін жинаған әйел алданып қалғанын түсініп, бірден полицияға хабарласып, әлгі екі әйелді ұстауға көмектесуін сұраған.

Полицейлер жәбірленушінің шағымынан кейін ол айтқан белгілері бойынша жедел іздестіру шараларына кіріскен. Күдіктілер мініп келген көлік туралы мәлімет тасжол бойындағы патрульдік полиция қызметкерлеріне берілген.

Осылайша, жолды бақылап жүрген Түркістан облысының патрульдік полиция батальонының алтыншы взвод қызметкерлері аталған күдіктілер мінген Lada Priora көлігінің ізіне түскен.

Жарты сағаттан соң көлікті қуып жетіп, тоқтатқан. Ал көлік ішіндегі әйелдер полицейлерді көрген бетте қаша жөнелген. Кейін олардың бәрі ұсталып, бес әйел полиция бөліміне жеткізілген.

Солардың ішінде екі күдікті әйелден алаяқтық жолмен алынған алтындар мен ақша айғақ зат ретінде тәркіленген.

Сондай-ақ әйелдердің жеке басын тексеру кезінде олардың Өзбекстан Республикасының тұрғындары екендігі анықталған.

Қазір аталмыш фактіні Қазығұрт аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.

Одан бөлек әйелдердің Түркістан облысында орын алған басқа да алаяқтық істерге қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969284-uiinde-dua-bar-turkistan-oblysynda-turgyn-tapa-tal-tuste-onbai-aldanyp-qalganyn-aitty/

pixel