Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында шекарадан есірткі алып өтпек болған өзбекстандық ұсталды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында қызметтік иттің көмегімен шекарадан гашиш алып өтпек болған өзбекстандық ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның жазуынша, Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Жібек жолы шекарасының бақылап-өткізу бекетінен есірткі алып өтпек болған Өзбекстан Республикасының азаматын ұстаған.

Атап айтқанда, өзбекстандық тұрғын өзінің басқаруындағы Daewoo Nexia автокөлігімен Қазақстанға өтерде оған Джайма атты ит белгі берді. Осыдан кейін тәртіп сақшылары бірден тексеру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, күдіктінің жазғы аяқ-киімінен полиэтилен пакетке салынған есірткі затына ұқсас зат табылды.

Полиция қызметкерлері табылған айғақты затты тәркілеп алып, аталған жайтты Қылмыстық кодекстің 286-бабы 1-бөлігі (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркеуге алды.

Сараптама тағайындалып, нәтижесінде шетелдіктен алынған заттың гашиш есірткісі екенін анықталған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969329-turkistan-oblysynda-sekaradan-esirtki-alyp-otpek-bolgan-ozbekstandyq-ustaldy/

pixel