Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қазақстандықтарға жәрдемақы берілетіні рас па

Опубликовано:

Балалар
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға біржолғы жәрдемақы төленетіні туралы ақпарат тарап жатыр. Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сайтында мұның жалған екенін хабарлады.

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды... Азаматтардан жалған ақпараттарға назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден пайдалануды сұраймыз. Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат тарату заңмен жазаланады", - делінген хабарламада.

Осы ретте министрлік бірінші, екінші, үшінші бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері 116 394 теңгені (38 АЕК), төртінші және одан кейінгі балаға – 192 969 теңгені (63 АЕК) құрайтынын хабарлады. 1 мамырдағы жағдай бойынша бұл жәрдемақыны 18,4 млрд теңге сомасына 134,1 мың адам алған.

Сондай-ақ ведомство жұмыс істемейтін әйелдерге бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақы бала санына байланысты төленетінін атап өтті.

Осы жылы бірінші балаға ай сайын 17 643 теңге (5,76 АЕК), екінші балаға – 20 860 теңге (6,81 АЕК), үшінші балаға – 24 045 теңге (7,85 АЕК), төртінші және одан кейінгі балаға – 27 261 теңге (8,90 АЕК) төленеді. Ал 1 мамырдағы жағдай бойынша бұл жәрдемақыны орта есеппен 46,5 мың адам 4,7 млрд теңге сомаға алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969353-xalyqaralyq-balalardy-qorgau-kunine-orai-qazaqstandyqtarga-zardemaqy-beriletini-ras-pa/

pixel