Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік әкім алты жыл бойы салынып бітпеген жолдың жөнделетініне қуанып, садақа берді

Опубликовано:

Ақтөбеде алты жылға созылған жол құрылысы қайта жанданды
Жол құрылысының басталуына қуанған тұрғындар. Фото: жеке мұрағат

Ақтөбеде тағайындалғанына екі ай болған Алматы ауданының әкімі Абат Көбенов қан шығарып, садақа берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шенеунік ауылдастарымен бірге құрылысы алты жыл бұрын басталған айналма жолдың жөндеу жұмыстары қайта жанданғанына қуанған.

"Президентіміздің өзі халықпен тығыз қатынаста болуды айтты. Бірнеше жылдан бері тоқтап тұрған жол құрылысы қайта басталғанына халық қуанып жатыр. Садақаны өткізу сәті демалыс күнге түсті. 150 адамдай жиналды", - дейді Алматы ауданының әкімі Абат Көбенов.

Ақтөбе қаласының іргесіндегі Ясный ауылы мен 41 разъезд тұрғындарын алты жыл бұрын басталған айналма жолдың жыры титықтатып жіберген. Құрылыс жұмыстарына бөлінген 7 жарым миллиард теңгенің дені игерілсе де, жөндеу жұмыстары созылып кеткен.

"Қан шығардық, қуаныш қой, тағы да тоқтап қалмауын тіледік. Халықпен біргеміз. Ауылды көркейту жөнінде ұсыныстар бар. Жаңа мердігер компания, техникалар келгеніне халық қуанып жатыр", - деді Абат Көбенов.

Жоспар бойынша айналма жол құрылысы биыл күзде бітуге тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969524-aqtobelik-akim-alty-zyl-boiy-salynyp-bitpegen-zoldyn-zondeletinine-quanyp-sadaqa-berdi/

pixel