Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да іздеуде болған қылмыскер әжесінің шкафында жасырынған

Опубликовано:

қолға түскен ер адам
Фото: ШҚО ПД

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскердің тұрғылықты жерін анықтады. Олардың бірі тәртіп сақшылары келген кезде шкафқа тығылмақ болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қолға түскендер 29 және 30 жастағы ер адамдар. Олар Алтай ауданының тумалары.

Бұған дейін екеуі де бас бостандығынан айырылған. Бірақ олар міндетті тіркеуге және тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін пробация қызметіне бармаған.

"Сотталғандардың мекенжайын анықтау бойынша жүргізілген алғашқы іздестіру шаралары нәтиже бермеді, осыған байланысты аталған тұлғаларға мемлекетаралық іздеу жариялау туралы шешім қабылданды", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті.

Жүргізілген шаралардың нәтижесінде Шемонаиха ауданы Верх-Уба ауылынан іздеуде жүргендердің бірі ұсталды.

Екінші сотталушы Алтай қаласынан табылды.

Тәртіп сақшыларына жас жігіттің туысының үйінде жасырынып жүргені туралы жедел ақпарат келген.

Ұсталған кезде ер адамның әжесінің шкафына тығылғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969541-sqo-da-izdeude-bolgan-qylmysker-azesinin-skafynda-zasyryngan/

pixel