Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда кран кабелі үзіліп, құрылысшы қаза тапты

Опубликовано:

Құрылыс басындағы құрылысшы
Көрнекі фото: pixabay.com

Елордада құрылыс алаңдарының бірінде құрылысшы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"15 мамыр сағат 03:34 шамасында Есіл ауданы Тұран даңғылы, 50 мекенжайында "Тұран" тұрғын үй кешенінің құрылыс объектісі аумағында қайғылы жағдай болды. Құрылыс салушы - "EMPAIRE" ЖШС. Оқыс оқиға құрылыс-монтаждау жұмысы барысында жүк көтергіш механизмді пайдалану кезінде орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, мұнара кранының кабелінің үзілуі металл ілгектің құлауына әкеліп соққан", - делінген Төтенше жағдай министрлігінің хабарламасында.

Салдарынан бір жұмысшы оқиға орнында қаза тапқан.

"Нұр-Cұлтан қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы осы жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрады. Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің елорда бойынша департаментінің қызметкері аварияның себептері мен мән-жайын анықтау мақсатында осы комиссияның жұмысын басқарады. Тергеу нәтижесі қосымша хабарланады", - деді министрліктің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969556-nur-sultanda-kran-kabeli-uzilip-qurylyssy-qaza-tapty/

pixel