Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық сақтау министрі елімізде барлық карантиндік шектеудің алынғанын айтты

Опубликовано:

қызыл аймақ111
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталды. Оның сөзінше, қазір Қазақстанда ешқандай карантиндік шектеу жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ДСМ басшысының айтуынша, бүгінде Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал тұрақты.

"Еліміздің барлық өңірінде коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Орташа есеппен алғанда тәулігіне коронавирус жұқтырған 10 адам тіркелуде. Пациенттердің 95 пайызы жазылып шықты", - дейді министр.

Ажар Ғиният осыған байланысты Қазақстанда барлық карантиндік шектеуді алып тастау туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, наурыз айының соңында елімізде үй-жайларда, адам көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, ұйымдасқан ұжымдарда міндетті түрде маска тағу талабы алып тасталған еді.

Алайда медициналық мекемелерде маска тағу талабы сақталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969858-densaulyq-saqtau-ministri-elimizde-barlyq-karantindik-sekteulerdin-alynganyn-aitty/

pixel