Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Найзағай, бұршақ, жаңбыр: Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Жарияланған күні:

Дауыл
Көрнекі фото: Pexels

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 20 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, 20 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с, солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с дейін жетуі ықтимал.

Қызылорда облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында қатты жаңбыр, батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжануда. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл соғады деп күтілуде. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін.

Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай, облыстың солтүстігінде бұршақ жауады. Түнде облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнауы мүмкін. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с жетеді деп болжануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970163-naizagai-bursaq-zanbyr-sinoptikter-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalady/