Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда бизнеспен айналысқан 10 мектептің директоры айыппұл арқалады

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: pexels.com

Маңғыстау облысында 10 білім ұйымының басшысы кәсіпкерлік қызметпен айналысып, заң бұзушылықтарға жол бергені үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның жазуынша, өңірде кәсіпкерлікпен айналысқан мектеп директорларына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 154-бабы бойынша іс қозғалып, айыппұл салынған.

Осыған байланысты облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті білім мекемелерінің басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді түсіндірген.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңда мемлекеттік лауазымды атқаратын және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынған.

Бүгінгі күні мектеп директорларының арасында кәсіпкерлікпен айналысқан тұлғалар анықталып отыр. Сондықтан, бүгінгі кездесудің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қайта түсіндіру", - деді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті превенция басқармасының басшысы Қайрат Бәйгебаев.

Сондай-ақ Бәйгебаев мемлекеттік орган басшылары өздеріне бағынысты мекеме басшыларын тағайындау кезінде олардан активтері мен міндеттері туралы декларация қабылдауы шарт екенін атап өтті.

Олай болмаған жағдайда, мемлекеттік мекеме басшылары "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңның 11-бабын бұзған болып есептеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970352-mangystauda-biznespen-ainalysqan-10-mekteptin-direktory-aiyppul-arqalady/

pixel