Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Опубликовано:

Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Президент өз тілегін Twitter парақшасында жазды.

"21 мамыр – Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Ел идеологиясы мен жаңғыруында орны айрықша осы саланың барлық майталманын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!", -деді ол.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын беру туралы жарлыққа қол қойған еді.

Құрметті атақ мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар қазақстандыққа берілді.

Тізімді мына сілтеме арқылы көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970385-toqaev-madeniet-zane-oner-qyzmetkerlerin-kasibi-merekesimen-quttyqtady/

pixel