Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында мас жүргізуші 32 қойды басып кетті (видео)

Опубликовано:

Қой
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы облысында 25 жастағы тұрғын көлігімен бір қора қойды басып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Ақсай – Шонжы – Қалжат тас жолында болған.

Бұл ақпаратты Алматы облыстық полиция департаменті растады.

Ведомство мәліметінше, көлік жүргізушісі қатты жылдамдықпен келе жатып жолға шыққан бір отар қойды байқамай қалған. Сондай ақ ол оқиға орнынан бой тасаламақ болған.

Медициналық тексеру қорытындысы бойынша, Toyota Land Cruiser жүргізушісінің мас күйінде көлік тізгіндегені анықталды.

Полицейлер бұған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608 және 610-баптарымен іс қозғалғанын хабарлады.

Тәртіп бұзушы ұсталып, қамауға алынды.

Сонымен қатар желіде тараған ақпаратты 31 ұсақ малдың өлгені айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970447-almaty-oblysynda-mas-zurgizusi-32-qoidy-basyp-ketti-video/

pixel