Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада автобустың ішінде қызға тиіскен ер адам қамауға алынды

Опубликовано:

автобустың салоны
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлікте оқушы қызға тиіскен ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елорданың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бұл туралы ақпарат Сарыарқа аудандық полиция басқармасына 19 мамыр күні кешкі уақытта келіп түскен.

Ер адам көп ұзамай ұсталды.

33 жастағы азаматтың үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша іс қозғалған.

Ол мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 10 тәулікке қамалды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысы Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны 3-сыныпта оқитын тоғыз жастағы екі оқушыны зорлап келген деген күдікке ілінгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970461-elordada-avtobustyn-isinde-qyzga-tiisken-er-adam-qamauga-alyndy/

pixel