jitsu gif

Түркістан облысында емдік қасиеті жоғары кеурек шөбін қазып жүрген 23 шетелдік анықталды

Шетелдіктер
Фото: Түркістан облысы полиция департаменті

Түркістан облысында полиция қызметкерлері кеурек дәрілік шөбін қазып, заңсыз жұмыс істеп жүрген 23 шетел азаматын анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, полицейлер облыс аумағында жүрген шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдарды көші-қон заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жүргізуде.

Мәселен, Арыс ауданының тәртіп сақшылары далалы жерлерде өсетін емдік қасиеті өте жоғары дәрілік кеурек (ферула) шөбінің сөлін қазып, заңсыз жұмыс істеп жүрген 23 Өзбекстан азаматын анықтаған.

"Олар далалы алқапқа шатыр тігіп, кеурек қазып жүрген жерлерінен ұсталды. ӘҚБтК 517-бабының 5-бөлігімен "Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы" бойынша жауапқа тартылып, ел аумағынан аластатылды.

Ал жұмыс беруші Қазақстан азаматына ӘҚБтК 519-бабы "Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту" бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Түркістан облысында емдік қасиеті жоғары кеурек шөбін қазып жүрген 23 шетелдік анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.