Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрлігі паспортқа неліктен чип жапсырылатынын түсіндірді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ішкі істер министрлігінің баспасөз мәслихатында әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берілді. Бейнежазбада ел тұрғындары Қазақстанның паспортын жыртып, арасынан чип тапқаны көрсетілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Көші-қон қызметі қазақстандық төлқұжаттағы чипке қатысты түсініктеме берді. Оған Instagram әлеуметтік желісінде тараған видео себеп болған. Видеода паспорттағы чиптің азаматтардың жүріс-тұрысын қадағалауға арналғаны айтылады.

Электрондық төлқұжат әлемнің көптеген елдерінде енгізілген. Елімізде төлқұжаттар мен микросхемасы бар жеке куәліктер 2009 жылдан бастап шығарылады. Чип азамат туралы жеке деректерді сақтауға арналған және жеке тұлғаны анықтауға мүмкіндік береді", - деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Оның сөзінше, чипі бар төлқұжаттар басқа елдердің шекаралық бақылау бекеттері мен олардың электронды жүйелері арқылы паспорттық-визалық бақылауды жеңілдету үшін енгізілген.

Сонымен қатар төлқұжаттағы чип азамат шекарадан өткен кезде ғана арнайы құрылғының көмегімен тексерілетіні белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970573-iski-ister-ministrligi-pasportqa-nelikten-cip-zapsyrylatynyn-tusindirdi/

pixel