Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облыстық полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Опубликовано:

Думан Таев пен Марат Ахметжанов
Думан Таев пен Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов. Фото: Ақмола облысының полиция департаменті

Генерал-майор Думан Таев Ақмола облысы полиция департаментінің жаңа басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол аталған құзырлы органда полиция бастығының міндетін уақытша атқарып келген еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа басшыны жеке құрамға Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов таныстырды.

Таев Думан Әшкенұлы 1967 жылы 13 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы Көктерек ауылында дүниеге келген.

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1988 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің ІІБ ППҚ жеке ротасының милиционері болып бастаған.

1991-2004 жылдар аралығында Петропавловск қаласының Ішкі істер басқармасында әр түрлі жедел лауазымдарды атқарған.

2004 жылы Есіл ауданының ішкі істер бөлімін басқарып, сол жылы Петропавловск қаласының ІІБ бастығы болып тағайындалған.

Әр жылдары СҚО ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, Ғ.Мүсірепов ауданының ІІБ басшысы, Петропавловск қаласының ІІБ бастығы, СҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Жаңа қызметіне дейін ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970657-aqmola-oblystyq-policiya-departamentine-zana-bassy-tagaiyndaldy/

pixel