jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

БҒМ Павлодарда ұлының жартыжылдық бағасы үшін сотқа жүгінген әйелге қатысты пікір білдірді

Оқушы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Білім және ғылым министрлігі Павлодардағы мектептердің бірінде жартыжылдық баға үшін сотқа шағым түскені туралы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 2016 жылы болған. Осы ретте министрлік сабақтағы бағалау мен оның тәсілдері жайында емес, бағалау кезінде орташа арифметикалық есептеу туралы сөз болғанын атап өтті.

"Қазіргі уақытта бағалауды шығару процесі автоматтандырылғандықтан, енді бағалау кезінде есептеулердегі дәлсіздіктер алынып тасталды. Мектептерде "Күнделік" электронды журналдары пайдаланылады", - делінген хабарламада.

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Орта білім мазмұны институты директоры Әлия Чокушеваның сөзінше, Білім және ғылым министрлігінің №125 бұйрығымен бағаларды қайта қарауға жол берілмейді.

"Өкінішке қарай, кейде ата-аналар балаларды бағалау кезінде педагогтерге қысым көрсетуге тырысады. Ата-аналар қысым көрсетіп, бағаларды қайта қарауға тырысатын жағдайды заңсыз деп есептейміз.

Мұғалімдер өз жұмысын істеп жатыр, сол себепті оларға кедергі келтірмеуіміз керек. Әрине, білімді объективті және әділ бағалауды қолдаймыз.

2016 жылы критериалды бағалау енгізілді. Бұл жағдайдың 7 жыл бұрын болғанын ескерте кетейін. Бұл жерде мәселе нақты бір сабақтың немесе тапсырма үшін қойылған бағаны қайта қарау туралы емес, қолда бар бағаларды қорытындылау және тоқсанның жалпы бағасын қою кезінде жиынтық балды есептеуде жіберілген қате туралы болып отыр", - деді Әлия Чокушева.

Еске сала кетсек, бүгін Павлодарда мектеп оқушысының анасы сот арқылы ұлының жартыжылдық бағасын қайта қарауға қол жеткізгені белгілі болды.

БҒМ Павлодарда ұлының жартыжылдық бағасы үшін сотқа жүгінген әйелге қатысты пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.