Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазнетте "Қазақтелекомның" субсидия беріп жатқаны туралы жалған ақпарат тарады

Опубликовано:

Телефон
Көрнекі фото: pixabay.com

WhatsApp қолданушылары қазақстандықтар "Қазақтелеком" АҚ-дан байланыс қызметтерін төлеуге субсидия ала алатындығы туралы ақпарат таратуда. Ол үшін қорғалмаған сілтеме арқылы өтіп, бірнеше сұраққа жауап беру керек. Алайда StopFake.kz бұл мәліметтің жалған екенін хабарлады.

Басылымның мәліметінше, пайдаланушыларға субсидия алу ұсынылған сайт "Қазақтелеком" АҚ-ның ресми порталы емес. Бұл қорғалмаған платформа, ол басқа алаяқтық сайттар сияқты жасалған.

Ал компанияның ресми сайтында сауалнамадан өткені үшін субсидиялар немесе ақшалай сыйақылар берілетіні туралы ақпарат жоқ. Мұндай хабарламалар "Қазақтелекомның" әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында да жоқ.

Осы орайда компанияның ресми сайтына "Қазақтелекомның" мұндай сауалнамаларға ешқандай қатысы жоқ екендігі және субсидиялар немесе ақшалай сыйлықтар ұсынылған хабарламалар алаяқтардың ісі екені туралы ескерту жарияланды.

Айта кетсек, алаяқтықтың бұл түрі фишинг деп аталады. Қорғалмаған сайтқа кіру - пайдаланушылар қалдырған барлық ақпаратты көруге мүмкіндік береді.

Бұл ретте алаяқтардың мақсаты – алдау арқылы жеке аккаунттардың логиндері мен парольдерін, төлем карталарының деректерін және басқа да жеке ақпаратты алу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970669-qaznette-qazaqtelekomnyn-subsidiya-berip-zatqany-turaly-zalgan-aqparat-tarady/

pixel