Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дауға темекі себеп болған: Павлодарда жастар арасындағы төбелес видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Павлодардағы төбелес
Оқиға орны. Видеодан кадр: Polisia.kz

Өткен демалыс күндері Павлодар қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне төбелеске қатысты 35 хабарлама келіп түскен. Солардың бірі темекі үшін туындаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайттың мәліметінше, 21 мамыр күні Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі бардың жанында екі топтың арасында бір қорап темекі үшін жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан.

Алайда оқиға орнына дер кезінде жеткен полиция қызметкерлері ауыр салдарға әкелетін жағдайға жол бермеген. Барлық тәртіп бұзушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 440-бабы және 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Павлодар қалалық патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шәріповтің айтуынша, осыған ұқсас жағдай сол түні Естай көшесіндегі мекеменің жанында болған.

Тұрғындар келушілер арасында жаппай төбелес басталғаны туралы хабарлаған.

Оқиға орнына келген бойда тәртіп сақшылары жанжалға қыздардың да қатысқанын анықтаған. Осыдан кейін жанжалдың барлық қатысушысы Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілген.

Тексеріс кезінде олардың ішімдік ішкені белгілі болған.

"Барлық тәртіп бұзушылар ұсақ бұзақылық үшін, сондай-ақ қоғамдық орындарға мас күйінде келгендері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді Ренат Шәріпов.

Павлодар полициясы жаппай төбелестің көбі түнгі уақытта болатынын және оған қатысушылардың мас күйде болуы әсер ететінін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970726-arasynda-qyzdar-da-bar-pavlodarda-zastar-arasyndagy-zanzal-videoga-tusip-qaldy/

pixel