Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қасымдағы күзетші тіл тартпай кетті": Шымкенттегі жарылыс кезінде перзентханада болған жігіт оқыс оқиғаны баяндады

Опубликовано:

Шымкенттегі жарылыстан зардап шеккен жігіт сұхбат берді
Көрнекі сурет: Владимир Третьяков, NUR.KZ

21 мамыр күні Шымкентте болған жарылыс салдарынан перзентханада жұмыс істеп жүрген жігіт ауыр жарақат алды. Дереу қалалық ауруханаға жеткізілген Максим Собчак KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, оқиға орнында күзетшінің тіл тартпай кеткенін айтты.

Жарылыс салдарынан екі аяғы сынған Максим қазір ауруханада ем алып жатыр.

"Мен жарылыс болған сәтте күзетшінің жанында едім. Біз перзентхананың бейне бақылау жұмыстарына жауаптымыз. Сол күні монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін келген едік. Күзетші: "Өрт шықты, өрт шықты", - деп айқайлады. Айналаны қалың түтін басты.

Мен дереу 112-ге хабарласып, өрт туралы жеткіздім. Сол уақытта арқа тұсымда қатты жарылыс болды. Жарылыстың дүмпуімен 10 метрдей жерге мұрттай ұшып түстім.

Арыққа құладым. Жан-жақтан ұшқан тастар да үстімді басып жатыр. Шок алған күйі перзентхананың ең жақын корпусына әрең жеттім. Әрі қарай аяғым жүруден қалды. Жедел жәрдем қызметі мені ауруханаға жеткізді. Екі аяғым сынды. Көп қан жоғалттым. Терімнің кейбір жерлері де жыртылған.

Жарылыс ошағына жақын жерде болғаным үшін ауруханада ішкі ағзама түгел тексеру жүргізілді. МРТ түсірді. Менің қасымнан бірнеше метр қашықтықта тұрған күзетші тіл тартпай кетті", - дейді Максим Собчак.

Еске сала кетейік, Шымкенттегі жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты. Олардың арасында туғанына 18 күн ғана болған нәресте де бар.

Автор: Жанар Пердешова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970727-qasymdagy-kuzetsi-til-tartpai-ketti-symkenttegi-zarylys-kezinde-perzentxanada-bolgan-zigit-oqys-oqigany-bayandady/

pixel