Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлгінов елордада газға қосылғандардың саны неге аз екенін айтты

Опубликовано:

Алтай Көлгінов
Алтай Көлгінов. Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов үкімет отырысында елордада газға қосылғандардың саны неге аз екенін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов елорда әкімі Көлгіновке Нұр-Сұлтандағы газ мәселесі туралы сұрақ қойды. Ол қалада 14 мыңға жуық абонентке газ қолжетімді екенін, алайда газға қосу қарқыны төмен болып отырғанын тілге тиек етіп, мұның себебін сұрады.

Осы орайда Алтай Көлгінов газға қосу жұмыстарының не себепті баяу жүріп жатқанын түсіндірді.

"Жұмыс барысында байқағанымыз келесідей мәселелер жұмысымызды баяулатып отыр. Мәселен, министрліктің бұйрығына сәйкес, азаматтар газға қосылу үшін сегіз құжат тапсыруы керек. Ол құжаттарды рәсімдеу үшін кемінде жарты жыл керек. Сондықтан мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, үкіметте жиналыс өтті. Сол жиналыстың қорытындысы бойынша біз тиісті ұсынысты енгіздік. Барлығы келісімін берді. Қазір жұмыс жүріп жатыр.

Мысалы, сегіз құжат екі есеге азаятын болады. Сонда едәуір қарқынды жұмыс жасайтын боламыз.

Қазіргі уақытта газға қосылуға ниет білдірген, техникалық құжаттары бар азаматтар саны 6033 абонентті құрайды. Осы бұйрық қабылданған жағдайда, жұмысты жылдамдататын боламыз. Мәселе бақылауда", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970774-kolginov-elordada-gazga-qosylgandardyn-sany-nege-az-ekenin-aitty/

pixel