Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағдай бақылауда": СІМ қазақстандықтарға электрошокер қолданған Өзбекстан полицейлеріне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Полицей мен ер адам
Видеодан кадр: t.me/mobilmuxbiruz

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров министрлер кабинетінің кулуарында Өзбекстан полицейлерінің қазақстандық туристерге электрошокер қолдануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айбек Смадияров еліміздіңСыртқы істер министрлігі аталған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін хат жолдағанын айтты.

"Біз азаматтарымыздың құқығын қорғаймыз. Өзбекстан құқыққорғау органдарының біздің азаматтарға электрошокер қолданғаны туралы желіде тараған видео Өзбекстан қоғамында да дау тудырғанын атап өту керек. Біз жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Онда ішкі тергеу басталды, қызметкерлер жұмыстан шеттетілді", - деді ол.

Осы ретте Смадияров қазақстандық СІМ тергеу барысына араласпауға тырысатынын, жағдайды тек біздің азаматтарымызды қорғау тұрғысынан бақылайтынын жеткізді.

Айта кетейік, осыған дейін Өзбекстанда қазақстандық туристерді полицейлер ұстап, электрошокер пайдаланғаны туралы ақпарат жарық көрген еді. Оқиға 21 мамырға қараған түні Самарқанда болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970781-zagdai-baqylauda-sim-qazaqstandyqtarga-elektrosoker-qoldangan-ozbekstan-policeilerine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel