Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда тұрғын үйдің шатырында жүрген балалар видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Шатырда ойнап жүрген балалар
Видеодан кадр: Lada.kz

Ақтауда 17 шағын аудандағы тұрғын үй кешенінің шатырында жүгіріп жүрген балалар видеоға түсіп қалды. Болған жайтқа қатысты Маңғыстау облысының полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды Lada.kz.

Куәгерлер балалардың қауіпті ойынын камераға түсіріп, оны әлеуметтік желіде жариялаған.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, 23 мамыр күні сағат 19:45-те "102" нөміріне балалардың 17 шағын аудандағы Green Park тұрғын үй кешенінің шатырында жүргені туралы ақпарат түскен.

"Шақырту орнына ювеналды полиция қызметкерлері шықты. Бірақ сол сәтте шатырда ешкім болмады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған балалардың жеке басын анықтап жатыр. Сондай-ақ ведомство шатырға шығатын есіктің жабық екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970794-aqtauda-turgyn-uidin-satyrynda-zurgen-balalar-videoga-tusip-qaldy/

pixel