Бұрын екі облыстың полиция департаментін басқарған генерал-майор ұсталды
Опубликовано:

2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының Ішкі істер департаментін басқарған полиция генерал-майоры Жайлаубек Халықұлы ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram каналында хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 23 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1963 жылы туған полиция генерал-майоры Халықұлы Жайлаубекті ұстаған.
"Ол соңғы қылмыстық істі тоқтатқаны үшін К. есімді азаматтан алдау арқылы ақша мен мүлкін алды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта күдікті Алматы полиция департаменті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.
Осы ретте агенттік тергеу мүддесіне және Қылмыстық-процесуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайтынын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970816-buryn-eki-oblystyn-policiya-departamentin-basqargan-general-maior-ustaldy/