Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік шенеуніктердің "7-20-25" бағдарламасына кезектен тыс қатысуына қатысты тергеу басталды

Опубликовано:

Пәтер
Көрнекі сурет: Елорда әкімдігі

ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Нәлібаев шымкенттік шенеуніктердің "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасына кезектен тыс қатысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әзімбек Нәлібаев "7-20-25" бағдарламасы бойынша пәтерлер Қазақстандық тұрғын үй компаниясының облигациялық қарыздары есебінен салынғанын хабарлады.

"Бұл үйлер "Отбасы банкінің" салымшылары болып табылатын кезекте тұрғандарға ғана арналған. Бүгінгі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатыр, біз қазір толығырақ түсініктеме бере алмаймыз. Әкімдік бұл мәселе бойынша қосымша жұмыс істеп жатыр, әкімдіктің ресми ұстанымын күтеміз", – деп атап өтті спикер.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы Алмаз Ыдырысов "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы заң бұзушылықтар туралы айтқан болатын.

Сол кезде ИИДМ басшысы Қайырбек Өскенбаев құзырлы органдар кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыратынын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970829-symkenttik-seneunikterdin-7-20-25-bagdarlamasyna-kezekten-tys-qatysuyna-qatysty-tergeu-bastaldy/

pixel