Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Найзағай, бұршақ, дауыл: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Найзағай
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 25 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, 25 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

25 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстік-шығысында күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

25 мамырда күндіз Қызылорда облысының орталығында және солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, облыстың орталығында және солтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

25 мамырда күндіз Ақтөбе облысының шығысында найзағай ойнауы мүмкін. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с жетеді.

25 мамыр түнде Атырау облысының шығысында найзағай ойнайды деп болжануда. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970838-naizagai-bursaq-dauyl-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel