Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорған тұрғындарын жарылысқа ұқсас дыбыс шошытты: ТЖД себебін түсіндірді (видео)

Опубликовано:

Жойғыш ұшақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 24 мамырда Талдықорған мен қала маңындағы аудандардың тұрғындары жарылысқа ұқсас тарс еткен дыбысты бірнеше рет естігенін хабарлады. Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін өңірде (сағат 16:30-23:30 аралығында) әскери жойғыш ұшақтардың оқу-жаттығуы өтіп жатыр.

Оқу-жаттығу кезінде әскерилер жойғыш ұшақтың жылдамдығын тым үдету салдарынан қалада тарс еткен дыбыс естілген.

Өз кезегінде Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті Талдықорған қаласының маңында қандай да бір жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат бермегенін атап өтті.

Сонымен қатар облыстық ТЖД әскери ұшақтардың оқу-жаттығуы 25 мамырда да өтетінін мәлім етіп, Талдықорған тұрғындарын үрейленбеуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970847-taldyqorgan-turgyndaryn-zarylysqa-uqsas-dybys-sosytty-tzd-sebebin-tusindirdi-video/

pixel