Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетаудағы оқу орындарының бірінен жарылғышқа ұқсас зат табылды

Опубликовано:

Қаңылтыр банка
Көрнекі фото: Pexels.com

Көкшетау қаласының оқу орындарының бірінен ішінде сымы бар қаңылтыр құты табылды. Қауіпсіздік мақсатында оқиға орнында оның көзі жойылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция 14 мамыр күні Көкшетаудағы білім беру мекемесінің ғимаратында сым жалғанған қаңылтар құты табылғанын хабарлады.

"Полиция қызметкері аталған аумақты қоршады, азаматтар эвакуацияланды. Жарылғыш техника мамандары табылған затты зертттеді. Азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында, бекітілген әрекет алгоритміне сәйкес, оның көзін оқиға орнында жою туралы шешім қабылданды", - деді ведомствода.

Заттың көзін жою үшін жарылыс жасалған. Бұл ретте барлық қауіпсіздік шарасы сақталған.

"Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы мен полиция департаменті жарылыс техника мамандары жұмыс істеуде", - деді өңірлік ПД баспасөз қызметінде.

Құқыққорғаушылар істің мән-жайын кейінірек хабарлауға уәде берді.

"Азаматтарды дүрбелең шақырмай, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз",- деді ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970868-koksetaudagy-oqu-oryndarynyn-birinen-zarylgysqa-uqsas-kudikti-zattyn-kozi-zoiyldy/

pixel