Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада 1032 оқушы қатысқан домбыра сабағы Гиннестің рекордтар кітабына енгізілмек

Жарияланған күні:

Домбыра
Видеодан кадр: "Астана" телеарнасы

Елордадағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі оқу жылын домбыра сабағымен аяқтады. 1032 оқушы қатысқан дәріс "Ең ауқымды домбыра сабағы" атауымен Гиннестің рекордтар кітабына енгізілмек, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, білім алушылар сабақ барысында "Сарыарқа", "Балбырауын", "Еркем-ай", "Кеңес", "Жастар биі" сынды танымал күйлерді орындады.

Ауқымды шараны Guinnes World Records-тың сенімді өкілдері бақылады. 25-тен астам стюард пен 2 куәгер кітаптың барлық критерийлерінің толық сақталуын қадағалап, рекордтың орнауын қамтамасыз етті. 

Мектеп басшылығы бұл сабақты өткізудің негізгі мақсаты балалардың бойына ұлттық тәрбиені сіңіріп, Отанға, төл мәдениетімізге деген сүйіспеншлігін арттыру дейді.

"Кіп-кішкентай біздің балаларымыз бүкіл дүние жүзіне қазақ деген ел бар екенін, Қазақстан деген мемлекет бар екенін оның домбырасы бар екенін домбыраның үнін күмбірлетіп жеткізіп жатыр.

Жалпы бүгін барлық Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқу жылының соңғы домбыра сабағы өтіп жатыр",- деді "Назарбаев зияткерлік мектептері" ДБҰҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмщидинова.

Материал авторы: Ә. Бердібеков

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970872-elordada-1032-oqusy-qatysqan-dombyra-sabagy-ginnestin-rekordtar-kitabyna-engizilmek/