Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда мемлекеттік нысандарды туыстарына берген экс-шенеунік 9 жылға сотталды

Опубликовано:

сотт
Көрнекі фото: pixabay.com

Коммуналдық мүлікті жалға беру орталығының бұрынғы директоры Тараздағы 5 мемлекеттік нысанды туыстарына заңсыз берген. Қызметтік өкілеттігін пайдаланып, заңсыз бұйрық шығарған бұрынғы шенеунікке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарнаның мәліметінше, қызметтік өкілеттігін пайдаланған орталық директоры төрт ғимарат пен бір жер телімін беру туралы заңсыз бұйрықтар шығарған.

Артынша мемлекеттік қызметкер мүлікті өз атына рәсімдеп, тіпті бес нысанның екеуін сатып, қалғанын интернет арқылы саудаға шығарған.

Облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мәмілелерді жарамсыз деп танып, ғимараттар мен жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Ал бұрынғы шенеунікті 9 жылға қамау туралы сот үкімі шықты. Сондай-ақ ол өмір бойына мемлекеттік органдарда басшылық қызметтер атқару құқығынан айырылды.

Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970889-tarazda-memlekettik-nysandardy-tuystaryna-bergen-eks-seneunik-9-zylga-sottaldy/

pixel