Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда астыртын жұмыс істеген казино анықталды

Опубликовано:

Ер адам құмар ойнын ойнап отыр
Көрнекі фото: Sputnik / Нина Зотина

Қостанайдағы кафелердің бірінде астыртын жұмыс істеген казино анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталған мәліметті Қаржы мониторингі агенттігі ресми Telegram арнасында жариялады.

"ҚМА Қостанай облыстық өңірлік департаменті қаладағы кафелердің бірінде покер клубының жасырын жұмыс істегенін анықтады. Ойын мекемесі ретінде қайта жабдықталған кафеден кәсіби үстел, фишкалар, "Poker" ойынына арналған карталар және ақша табылып, тәркіленді",- делінген ҚМА хабарламасында.

Сот үкіміне сәйкес, жасырын покер клубын ұйымдастырушылар мен оған қатысушылар кінәлі деп танылды.

Оларға екі жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал тәркіленген заттай дәлелдердің көзі жойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970900-qostanaida-astyrtyn-zumys-istegen-kazino-anyqtaldy/

pixel