Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында жоғалып кеткен өзбекстандық бес айдан кейін өлі күйде табылды

Опубликовано:

Мәйіт
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысында жоғалып кеткен өзбекстандық азамат бес айдан кейін далада өлі күйде табылды, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Басылым дерегінше, өткен жылдың 16 желтоқсанында Қызылқоға ауданы Кенбай елді мекеніне қарасты "Азамат" ШҚ малшысы - 42 жастағы Өзбекстан азаматы далаға шығып кетіп, қайта оралмаған.

Бірнеше күн бойы жүргізілген іздеу жұмыстары өз нәтижесін бермегеннен кейін іздестіру тоқтатылған.

Жақында Қызылқоға АПБ учаскелік инспекторы өзіне белгіленген аумақты тексеру барысында "Азамат" шаруа қожалығынан үш шақырым жерден белгісіз адамның мүрдесін тауып алған.

Денеге сот-медициналық сараптамалар жүргізіліп, оның бес ай бұрын қыста жоғалып кеткен малшы екені анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970918-atyrau-oblysynda-zogalyp-ketken-ozbekstandyq-bes-aidan-keiin-oli-kuide-tabyldy/

pixel