Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараз қалалық сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Қаражат
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Таразда қалалық соттың төрағасы 1 млн теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 16 мамырда Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мамедияровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу бастаған.

Ол азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін 1 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген.

Осы ретте ведомство Қылмыстық-процесуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайтынын хабарлады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы ЖШС директорынан ЖШС пайдасына салықтық тексерудің оң актісін шығарғаны үшін 40 млн теңге пара алды деген күдікке ілінгенін жазған едік.

Күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970935-taraz-qalalyq-sotynyn-toragasy-para-aldy-degen-kudikke-ilindi/

pixel