Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде ұшуға тыйым салынған жолаушылар тізімі жасалмақ

Опубликовано:

Әуе кемеесі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мәжіліс депутаттары қазақстандық әуе компанияларға ұшуға шектеу қойылған жолаушылардың тізімін жасауға мүмкіндік беретін норманы қолдады. Тізімге бортта және әуежайларда тәртіп бұзған жолаушылар енгізіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тиісті норма "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілмек.

Құжатты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев таныстырды.

Оның айтуынша, заң жобасына әуе компанияларына ұшуға шектеу қойылған адамдардың жеке тізімін жүргізуге мүмкіндік беретін норма енгізіледі.

"Азаматтар мұндай тізімге тек ұшақ бортындағы құқықбұзушылық үшін және оларды қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту нәтижесінде кінәсі дәлелденген жағдайда ғана енгізіледі", - дейді министр.

Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов әуе компанияларының кейбірі қазірдің өзінде арнайы тізім жүргізетінін атап өтті. Ол тізімге бортта және әуежайларда тәртіп бұзған жолаушылар енгізіледі. Бұл ретте, әуе компаниялары мұндай жолаушыларды тасымалдау-тасымалдамау жағын өздері шешеді.

"Енді заң жобасында бұл мәселені реттейтін нормалар нақты көрсетілген. Ұшуға шектеу қойылған жолаушылар тізімі енгізіліп жатыр. Бұл тізімге жолаушылар әуе компаниясының жеке шешімімен емес, заңды күшіне енген жаза бойынша немесе сот үкімдері негізінде ғана енгізіледі", - дейді мәжілісмен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970978-elimizde-usuga-tyiym-salyngan-zolausylar-tizimi-zasalmaq/

pixel