Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында құжатсыз көлік айдаған мектеп түлектері әшкере болды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 25 мамырда Түркістан облысында құжатсыз көлік айдаған 3 мектеп түлегі анықталды, деп хабарлайды өңірдің полиция департаменті Facebook парақшасында.

Ведомствоның мәліметінше, "соңғы қоңырау" күні Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің тапсырмасымен өңірде арнайы рейдтік-профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Оның барысында Жетісай ауданында тәртіп сақшылары кәмелет жасына толмаған 3 мектеп бітірушінің құжатсыз көлік басқарғанын анықтаған.

Олардың ата-аналарына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылған.

Сонымен қатар полицейлер жасөспірімдер басқарған екі көліктің ресейлік нөмірмен жүргенін жеткізді.

Бұдан бөлек рейд барысында мемлекеттік тіркеу нөмірсіз көлік басқарған екі жүргізуші анықталып, жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі уақытта 4 көлік айыптұраққа қойылған.

Осы орайда ведомство "Соңғы қоңырауға" байланысты арнайы рейдтік шара түнгі уақытта да жалғасатынын ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971035-turkistan-oblysynda-quzatsyz-kolik-aidagan-mektep-tulekterinin-basy-dauga-qaldy/

pixel