Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда полицейді өлтіріп кетті

Опубликовано:

Тәртіп
Көрнекі фото: Polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысының орталығында полицияның учаскелік инспекторын өлтіріп кетті, деп хабарлайды өңірлік прокуратураның ресми сайты.

Петропавл қаласының полиция басқармасында жұмыс істеген 1990 жылғы учаскелік полиция инспекторының мәйіті өз үйінен табылды. Оның кеудесінде пышақ жарақаты болған.

Аталған фактіге қатысты Петропавл қалалық ПБ Тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Бұл жайтты СҚО прокуратурасы растады. Облыс прокурорының орынбасары Мұрат Қожамқұлов аталған іс бойынша жәбірленуші полиция қызметкері болғанын, бірақ қылмыстың оның кәсіби қызметімен байланысты емес екенін түсіндірді. Тергеушілердің нұсқасы бойынша қылмыс ұрыс негізінде жасалған.

Осы ретте ведомство марқұмның әйелі тергеуге алынғанын атап өтті.

"Қазіргі уақытта іс бойынша істің мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті және жедел тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазір тергеу қорытындылары туралы тұжырым жасауға әлі ерте. Сот сараптамалары тағайындалады. Болжамды қылмыс қаруы алынды. Тергеу барысы СҚО прокуратурасының бақылауына алынды", - делінген прокуратура хабарламасында.

Марқұмның артында екі кішкентай баласы қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971047-petropavlda-policeidi-oltirip-ketti/

pixel