Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралдық студент жүкті әйелді жедел жәрдем ішінде босандырды

Опубликовано:

Айсұлтан Нұрышев
Айсұлтан Нұрышев. Фото: Астана телеарнасы

Оралдық студент жүкті әйелді жедел жәрдем көлігінің ішінде босандырып алды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, жедел жәрдем бригадасына қала маңындағы Деркөл ауылынан шақырту түскен. Көмекке асыққан санитар-студент жүкті келіншектің үйіне бригадамен 10 минутта жеткенімен, перзентханаға үлгермепті. 

Жедел жәрдем бригадасының құрамында тәжірибе жинақтап жүрген студент толғағы күшейген келіншекті дереу босандырып алып, сәбидің кіндігін де өздері кескен. 

"Менің практикам жүріп жатқан кезде, осындай көмекші болып жүргенімде үшінші босану болып отыр. Көліктің ішінде екеуі, біреуі үйдің ішінде болған жағдай. Асықпай, өзіміздің қолдан келетін көмегімізді көрсетіп, барлығын алгоритм түрінде жүргіздік",- дейді жедел жәрдем санитары Айсұлтан Нұрышев.

Ал жедел жәрдм фельдшері Еркебұлан Жасұлановтың айтуынша, дүниеге қыз бала келген.

"Қатты күшеніп, толғағы келіп, баланы аман-есен босандырып алдық. Өмірге 3 келі болатын қыз бала дүниеге келді. Бойы 52 см болады. Барлық көмекті көрсетіп, қалалық көпбейінді ауруханаға сәбиді де, анасын да аман-есен жеткіздік",- деді жедел жәрдм фельдшері Еркебұлан Жасұланов.

Материал авторы: Е. Карин

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971063-oraldyq-student-zukti-aieldi-zedel-zardem-isinde-bosandyrdy/

pixel