Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау тұрғыны қымбат көліктерді жалға алып, кейін сатып отырған

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау тұрғыны бірнеше қымбат көлікті жалға алып, кейін оларды сатып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы дерекке байланысты 29 жастағы жігіт ұсталған.

"Атырау қаласында тұратын 1993 жылы туған азамат 2020 жылдың қаңтарынан бері бірнеше адамнан келісімшарт негізінде автокөліктерді жалға алған. Кейін жалға алған қымбат автокөліктерді сатып жіберген.

Қазір 29 жастағы жігіт алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Аталған дерекке қатысты Атырау қалалық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, күдіктіге қатысты 13 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бастапқыда жәбірленушілердің 13 көлігі табылған. Полиция қызметкерлері кейін тағы екі көлікті анықтаған.

"Қазір күдікті С.М.-нің іс-әрекетінен зардап шеккен адамдарды іздестіріп жатырмыз. Жәбірленушілерден Атырау облыстық Полиция департаментінің тергеу басқармасына немесе 102 телефонына хабарласуды сұраймыз", - деді ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971079-atyrau-turgyny-qymbat-kolikterdi-zalga-alyp-keiin-satyp-otyrgan/

pixel