Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскемен тұрғынының үйінен 4 тапанша мен 150 оқ табылды

Опубликовано:

Қару
Көрнекі фото: pixabay.com

Өскемен қаласында 32 жастағы ер адамның үйінен 4 тапанша мен 150 оқ табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары "Қару" жедел алдын алу шарасы барысында атыс қарулары мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған 32 жастағы Өскемен тұрғынын ұстады.

"Ер адамның үйін тінту барысында полицейлер "МР-79-8" және "WALTHER" маркалы газ тапаншаларын, "МР-654К" үлгісіндегі өздігінен оқталатын пневматикалық тапаншаны және "СПШ 44" үлгісіндегі сигналдық тапаншаны тапты. Сондай-ақ 150-ден астам оқ-дәрі тәркіленді. Бұл оқтар атуға жарамды болып шықты", - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігіне (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971081-oskemen-turgynynyn-uiinen-4-tapansa-men-150-oq-tabyldy/

pixel