Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біртанов өз ісіне қатысты басты сот отырысына келді (фото, видео)

Опубликовано:

Біртанов
Фото: NUR.KZ

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елордада өз ісіне қатысты басты сот отырысы өтетін залға келді. Мұнда экс-денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев те жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сот отырысы сағат 10:00-де басталды. Осы тұста журналистер экс-министрмен тілдесе алған.

"Көңіл-күйім жақсы. Адвокаттарым отырыс соңына дейін ешқандай пікір білдірмеуге кеңес берді. Сол үшін ештеңе демеймін. Біз соңына дейін күресеміз, бәрін отырыста тыңдайсыздар. Отырыс аяқталған соң пікір білдіреміз. 100 пайыз дайынбыз",- деді Біртанов.

Біртанов
Фото: NUR.KZ/ Аленка Бутенко

Ал экс-денсаулық сақтау министрі Олжас Әбішев бұл өміріндегі алғашқы соты екенін, сол себепті оның қорытындысы қандай болатыны жөнінде ешқандай болжамы жоқ екенін мәлімдеген.

Олжас Әбішев
Фото: NUR.KZ/ Аленка Бутенко

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971100-birtanov-oz-isine-qatysty-basty-otyrys-otetin-sot-gimaratyna-keldi-foto-video/

pixel