Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте кортеж ұйымдастырып, жол ережесін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды

Опубликовано:

Кортеж
Видеодан кадр: Polisia.kz

Шымкенттік полицейлер жол ережесін бұзған жүргізушілерді жауапқа тартты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым дерегінше, әлеуметтік желілерді бақылау барысында бірнеше видео анықталған, онда түлектер мінген кортеждер жол қозғалысы ережелерін бұзғаны көрсетілген.

Шымкент қалалық ПД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Hyundai Accent, Toyota Land Cruiser және Toyota Camrу көліктерінің жүргізушілерін ӘҚБтК-нің 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу), 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) және 606-бабы (Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы) бойынша жауапқа тартты.

Жалпы, 25 мамырда Шымкент қаласының патрульдік полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 132 жүргізушіні әкімшілік жауапқа тартты. Оның ішінде 10 көлік айып тұрағына қойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971117-symkentte-kortez-uiymdastyryp-zol-erezesin-buzgan-zurgizusiler-zauapqa-tartyldy/

pixel