Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері ақша ұрлады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

ақша жымқыру 1
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы облысында ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері 50 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram арнасында хабарлады.

Ведомство дерегінше, сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес жүргізілуде.

"Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ экс-басшысы мен басқа да лауазымды тұлғалар қаржы институтының басшысымен алдын ала сөз байласу арқылы 50 000 000 теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Қаражат "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған" мемлекеттік бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешен субъектілері шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға бөлінген", - делінген хабарламада.

Күдіктілер ақшаны ауыл шаруашылығы жабдықтарын жоғары бағада жеткізу жолымен жымқырған.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпаратты жария еткен жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971122-almaty-oblysynda-auyl-saruasylygy-basqarmasynyn-qyzmetkerleri-aqsa-urlady-degen-kudikke-ilindi/

pixel