Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маусым айында еліміздің үш өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін

Опубликовано:

Құрғақшылық
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК ресми сайтында жаз мезгілінің алғашқы айына арналған құрғақшылықтың алдын ала болжамын жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, маусым айында республиканың басым бөлігінде құрғақшылық болу ықтималдығы төмен, ал ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады деп күтілуде.

Дегенмен кейбір өңірлерде құрғақшылық болып, жаңбыр аз жаууы мүмкін. Атап айтқанда:

  • Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында бірқалыпты құрғақшылық;
  • Ал Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында қатты құрғақшылық болуы ықтимал.

Сонымен қатар метеорологтар Жамбыл облысының Рысқұлов ауданында, Ақтөбе облысының Ойыл ауданында және Түркістан облысының Сайрам ауданында қолайлы орташа ылғалды жағдай болады деп болжап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971156-mausym-aiynda-elimizdin-us-onirinde-qurgaqsylyq-boluy-mumkin/

pixel