Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда өзге баланы қылғындырған жеткіншектің әрекеті видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

жасөпірім
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде бір жасөспірімді екінші бір жасөспірімнің қылғындырып жатқаны бейнеленген видео тарады. Оқиғаның мән-жайын Қостанай облыстық полиция департаменті баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желіде тараған видеодан бастапқыда екі баланың төбелесіп жатқанын, бір сәтте жеткіншектің бірі екіншісін қылғындыра бастағанын, кенет әлгі оқушының есінен танғандай жерге сұлқ құлғанын байқауға болады.

Екі баланың арасындағы текетіресті басқа оқушылар сырттай бақылап тұрған.

Видеоны көрген желі қолданушылары шошып қалғанын жазуда.

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 мамыр күні қаладағы ықшам аудандардың бірінде болған.

Анықталғандай, спорт алаңында 9-10 жас аралығындағы ұлдар арасында жанжал туындаған.

Балалар ата-аналарына ештеңе айтпаған. Олар төбелес жайлы WhatsApp-та тараған видеодан білген.

Бұл фактіге қатысты бүгін мектепте кеңес өткен. Оған жасөспірімдердің ата-аналары, мұғалімдер және ювеналды полиция қызметкерлері қатысқан.

Тараптар бір-біріне шағымдары жоқ екенін айтқан. Дегенмен соған қарамастан, ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Ал балалардың зардап шекпегені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971160-qostanaida-ozge-balany-qylgyndyrgan-zetkinsektin-areketi-videoga-tusip-qaldy/

pixel