Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біртановтың адвокаттары судьяны істі қараудан шеттетуді сұрады

Жарияланған күні:

Сот отырысы
Сот залынан фото: NUR.KZ / Алена Бутенко

Бүгін Нұр-Сұлтанда бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевке қатысты басты сот процесі басталды. Сот отырысы кезінде экс-министрдің адвокаттары зардап шегуші тараптың бір өкілін, прокурорларды және судьяны істі қараудан шеттетуді сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Біртановтың қорғаушылары Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан зардап шегушілердің бірін істен шеттеуді сұрады. Себебі, ол бұған дейін істе сөз болып отырған платформаның жұмыс істеп тұрғанын айтып, актіге қол қойған. Адвокаттардың пікірінше, ол тек куәгер бола алады.

Сондай-ақ адвокаттар прокурорларға да қарсылық танытты. Олардың сөзінше, бұған дейін прокурорлар бұзушылыққа жол беріп, іс Бас прокуратураға қайта қайтарылған. Десе де, олар басты сот процесіне қатысуда.

Судья Ибрагим Әлкенов екі өтінішті де қанағаттандырудан бас тартты. Оның бұл шешімінен соң адвокаттар судьяның өзін де істен шеттетуді сұрап отыр.

"Сот үзіліс жариялайды. Шеттету туралы мәселені басқа судья қарайды", - деді Әлкенов.

Сот бұзушылықтарды жою үшін істі прокурорға қайтарды.

"Сот алқасы бұзушылық фактісін растады және прокуратураға құжаттарды ағылшын тіліне аудару, оларды материалдарға қосу, бағалау арқылы заң бұзушылықтарды жоюды, содан кейін барып, яғни, сот талқылауында емес, сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында шешім қабылдауға міндеттеді.

Мынадай үш шешім шығарылуы мүмкін - қылмыстық істі тоқтату, қылмыстық қудалауды жалғастыру немесе іс жүргізуді тоқтата тұру.

Сот алқасы Бас прокуратураға осы нұсқауларды орындауды міндеттеді. Конституцияның 76-бабының 3-тармағында сот қаулысының Қазақстанның барлық аумағында күші бар екені айтылған. Өкінішке орай, судья Әлкенов Конституцияның осы талабын орындаудан бас тартты.

Қысқаша айтқанда, бұл соттың қылмыстық іс жүргізу процедураларын бұзу", - дейді адвокат Нұрлан Бейсекеев журналистерге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971165-birtanovtyn-advokattary-sudyany-isti-qaraudan-settetudi-surady/