Бішкекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалының ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Салтанатты рәсімге Қасым-Жомарт Тоқаевтан бөлек, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров та қатысқан.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев екі мемлекеттің басшыларына университет аудиторияларын көрсете жүріп, оқу ордасының білім беру және ғылыми жобалары, соның ішінде қырғыз студенттері үшін грант бөлу жоспары туралы айтқан.
Университетті аралап көру барысында президенттер жоғары оқу орнының оқытушы-профессорлар құрамымен және ҚазҰУ-дің қырғызстандық түлектерімен әңгімелескен.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев "Құрметті қонақтар кітабына" қолтаңбасын қалдырған.
Еске сала кетсек, бүгін, 26 мамырда мемлекет басшысы президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғызстанға ресми сапармен барған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971222-biskekte-al-farabi-atyndagy-qazaq-ulttyq-universitetinin-filialy-asyldy/