jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан халал өнімдерін сертификаттау құқығына ие болды

Базар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан халал өнімдерін сертификаттауды жүргізу құқығы ие болды. Мұндай рұқсат Біріккен Араб Әмірліктерінің халықаралық аккредиттеу орталығынан алынды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бақыт Сұлтанов бұл жаңалықпен Facebook желісіндегі парақшасында бөлісті.

"Бүгін біз БАӘ халықаралық аккредиттеу орталығынан Халал өнімдерін сертификаттауды жүргізу құқығымен Қазстандарт зертханасын аккредиттеу туралы ресми құжат алдық! Ел ішінде Халал халықаралық сертификатын алу мүмкіндігі экспортты арттыруға ынталандырады деп сенемін. Егер қазір кәсіпорындар халал сертификатын алу үшін (импорттаушы елде) партияға $7 мыңнан $30 мыңға дейін жұмсаса, Қазақстандағы сертификаттау құны сериялық өндіріске 700 мың теңгеден ($1,5 мың) басталады, ал партияға 90 мыңнан 700 мыңға дейін", - деп жазды ол.

Сөзінше, бұл зертхананың сертификаттау нәтижелері Парсы шығанағындағы барлық араб мемлекеттерінің (Бахрейн, Катар, Кувейт, БАӘ, Оман, Сауд Арабиясы) аумағында мойындалатын болады.

Оған қоса экспорт көлемін басқа аймақтарға, мәселен Иран, ТМД, Түркия және т.б. елдерге ұлғайтуға мүмкіндік береді.

"Айтпақшы, біздің зертхана ЕАЭО пен Орталық Азиядағы халықаралық талаптар бойынша аккредиттелген жалғыз зертхана болып табылады. Демек біз Халал бойынша өңірлік хабқа айналудамыз", - деді Сұлтанов

Қазақстан халал өнімдерін сертификаттау құқығына ие болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.